Қазақ тілі Русский язык
akim-foto

Сіздерді жеке ресми блогымда қарсы алуға қуаныштымын!

Біздің өңірдің дамуына ерекше көңіл бөліп, алаңдаушылық танытып, жақсы тың өзгерістерді жасауға құлшынатын жандарды кездестіруге үміттімін. Бұл жерде Сіздер өз сауалдарыңызды, өздеріңіздің көкейлеріңізде жүрген ойларыңызды, пікірлеріңізді, ұсыныстарыңызды енгізе аласыздар. Сіздердің барлық сұрақ-сауалдарыңызға лайықты жауап беруге ниет білдіремін, Сіздердің әрбір айтқан ой-пікірлеріңіз назарға алынып, зерделенеді. Менің ойымша, Сіздермен мұндай қарым-қатынас біздің өмірімізді әрі қарай жақсартып, мағыналы етеді.
Құрметпен,
Серік Зинабекұлы Зайнулдин,
Үржар ауданының әкімі
Үржар ауданы әкімінің ресми сайты
Қадірлі қауым! Құрметті жерлестер!

 

Биыл бүкіл қазақстандықтар Елордамыз – Астананың он жеті жылдық мерекесін атап өтуде!

Біз нағыз тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың нәтижелі істері мен жасампаз ойлары қазақ мемлекетін өркендетіп, кемелдендірген зор бастамаға айналды. Сол бастамалардың бірі және бірегейі – еліміздің саяси орталығының Астана қаласына көшуі. Жаңа ғасыр табалдырығында біздің таңдауымыз сайын дала, көне Сарыарқаның төрінде қоныс тепкен жаңа астанамызға түсті. Бұл таңдау астарында Елбасымыздың айқындамасы ғана тұрған жоқ, бұл таңдауда қазақ халқының даналығы тоғысып жатыр.

Толығырақ »
Құрметті Үржарлықтар, аудан қонақтары!

Міне төрт мезгіл ішінде асыға күткен айлардың сұлтаны Рамазан айыда жетіп келді. Ертеде сахабалар бұл айды жыл бойында асыға қимастықпен шығарып салып, тағатсыздана күтіп қуанышпен қарсы алатын. Ораза айы біткенде де Аллаһқа деген құлшылықтарын арттырып рамазан айында ерекше тақуалыққа бөленген қасиеттерін Рамазан айынан кейінде бірнеше ай көп құлшылықпен жалғастыратын.

Толығырақ »
Аса қадірлі ардагерлер! Құрметті  тыл еңбеккерлері мен  жерлестер!  

 

Ұлы Жеңіс күні – тек соғыс арда­гер­лерінің ғана емес, бар­ша қазақстан­дық­тардың ай­рықша мерекесі. Бұл – сұрапыл соғыста жанқияр­лық­пен ерлік жасаған, елі үшін жанын құрбан еткен бабалар рухына тағзым етудің, қиян – кескі ұрыстан аман келген ата-әже­лерді құрметтеудің нағыз үлгісі көрсетілетін күн. Биыл да Жеңістің 70 жылдығы мерекесі еліміздің түк­пір-түкпірінде ерекше сән-салтанатпен аталып өтуде.

Толығырақ »
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР, ҚАДІРЛІ ҚАУЫМ! «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі Күні» құтты болсын!

Бүгінде еліміз дамудың жаңа белесіне көтеріліп, дүниежүзінің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолында. Көпұлтты республикамыздың қол жеткізген жетістіктері Елбасының сара саясатының, қоғамдағы тұрақтылықтың, бейбітшіліктің, ынтымақтастықтың нәтижесінде екені шындық. Елімізде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің тиімді моделі қалыптасты. Қазақстан моделінің ықпалдылығы әлемдік қауымдастықта танылып, киелі қазақ мекені әлемдік дәстүрлі діндер кездесулері мен халықаралық алқалы жиындардың  тоғысқан жеріне айналды. Бүгінгі мерекенің де «Қазақстан халқының бірлігі Күні» деп аталуының себебі осы болса керек.

Толығырақ »
Сіздерді жеке ресми блогымда қарсы алуға қуаныштымын!

Біздің өңірдің дамуына ерекше көңіл бөліп, алаңдаушылық танытып, жақсы тың өзгерістерді жасауға құлшынатын жандарды кездестіруге үміттімін. Бұл жерде Сіздер өз сауалдарыңызды, өздеріңіздің көкейлеріңізде жүрген ойларыңызды, пікірлеріңізді, ұсыныстарыңызды енгізе аласыздар. Сіздердің барлық сұрақ-сауалдарыңызға лайықты жауап беруге ниет білдіремін, Сіздердің әрбір айтқан ой-пікірлеріңіз назарға алынып, зерделенеді.

Толығырақ »