Ұлы Жеңіс күні – тек соғыс арда­гер­лерінің ғана емес, бар­ша қазақстан­дық­тардың ай­рықша мерекесі. Бұл – сұрапыл соғыста жанқияр­лық­пен ерлік жасаған, елі үшін жанын құрбан еткен бабалар рухына тағзым етудің, қиян – кескі ұрыстан аман келген ата-әже­лерді құрметтеудің нағыз үлгісі көрсетілетін күн. Биыл да Жеңістің 70 жылдығы мерекесі еліміздің түк­пір-түкпірінде ерекше сән-салтанатпен аталып өтуде.

Бүгінде еліміз дамудың жаңа белесіне көтеріліп, дүниежүзінің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолында. Көпұлтты республикамыздың қол жеткізген жетістіктері Елбасының сара саясатының, қоғамдағы тұрақтылықтың, бейбітшіліктің, ынтымақтастықтың  арқасында екендігі шындық. Елімізде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің тиімді моделі қалыптасты. Қазақстан моделінің ықпалдылығы әлемдік қауымдастықта танылып, киелі қазақ мекені бейбітшіліктің тоғысқан жеріне айналды.

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл! Сол бір сұрапыл жылдары Қазақстаннан бір жарым миллионға жуық адам майданға шақырылып, олардың әрбір екіншісі ұрыс даласынан оралмады. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген ұранды ту етіп, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен халқымыздың батыр ұлдары Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов сияқты қаһармандарымыздың есімдері аңызға айналды. Солармен қатар, үржарлық Кеңес Одағының батырлары  Владимир  Колесников, Федор Озмитель және басқа да даңқты ардагерлер есімі әрқайсымыздың жүрегімізде мәңгі сақталмақ. Бүгінгі ұрпақ олардың ерлік істерін ешқашан ұмытпайды.

Құрметті ардагер ағалар! Сіздердің үлгілеріңіз, Сіздердің ерлік істеріңіз әрқашан  біздің жадымызда сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі етілмек. Айрықша үлгілеріңізді Отан алдындағы интернационалдық борышын өтеп, кешегі Ауған соғысына қатынасқан жерлестеріміздің ерлік істерінен байқасақ, бүгінгі таңда әскери қызметтерін адал атқарып жүрген жастарымыздың бойынан көреміз. Құрметті ардагер ағалар, Жеңіс Күнін, бейбітшілік күнін жақындату үшін аянбай еңбек еткен аяулы аналарымыз, мерекелеріңіз құтты болсын! Біз – Сіздердің ұрпақтарыңыз Сіздердің өмірлеріңіздің алаңсыз, бейбіт болуы үшін еңбек етеміз, Сіздердің істеріңізді сенімді жалғастырамыз деп сендіргім келеді.

Құрметті жерлестер! Жеңіс күні құтты болсын! Ел іргесі аман  болып, Тәуелсіз еліміздің даңқы арта берсін!