Міне төрт мезгіл ішінде асыға күткен айлардың сұлтаны Рамазан айыда жетіп келді. Ертеде сахабалар бұл айды жыл бойында асыға қимастықпен шығарып салып, тағатсыздана күтіп қуанышпен қарсы алатын. Ораза айы біткенде де Аллаһқа деген құлшылықтарын арттырып рамазан айында ерекше тақуалыққа бөленген қасиеттерін Рамазан айынан кейінде бірнеше ай көп құлшылықпен жалғастыратын. Солай он екі айдың жартысын өткізсе, қалған жартысын ораза айы жақындауда деп тағыда құлшылық ғибадаттарын арттырып оразаға дайындалатындарын тарихтан жақсы білеміз. Бұл Құран түскен қасиетті айдың сауаптары өте мол. Бұл айдың сауабы шексіз. Отыз күн оразаның алғашқы он күні «мейірім күндері» бұл күндері Аллаһтың мейірімін тілейік, ортасындағы он күн «кешірім күндері» бұл күндері Аллаһтан кешірім тілейік, соңғы он күні «тозақ отынан қалқан болу» яғни бұл күндері жаратушымыздан тозақ отынан сақтауын тілейік. Ендеше осындай қасиеттерге толы бұл Рамазан айы құтты мүбарак болсын! Құрметті жерлестер бұл қасиетті айда Аллаһ Тағала сауаптарымызды арттырып, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!