Қазақ тілі Русский язык
 

Сіздерді жеке ресми блогымда қарсы алуға қуаныштымын!

Біздің өңірдің дамуына ерекше көңіл бөліп, алаңдаушылық танытып, жақсы тың өзгерістерді жасауға құлшынатын жандарды кездестіруге үміттімін. Бұл жерде Сіздер өз сауалдарыңызды, өздеріңіздің көкейлеріңізде жүрген ойларыңызды, пікірлеріңізді, ұсыныстарыңызды енгізе аласыздар. Сіздердің барлық сұрақ-сауалдарыңызға лайықты жауап беруге ниет білдіремін, Сіздердің әрбір айтқан ой-пікірлеріңіз назарға алынып, зерделенеді. Менің ойымша, Сіздермен мұндай қарым-қатынас біздің өмірімізді әрі қарай жақсартып, мағыналы етеді.
Құрметпен,
 
Үржар ауданының әкімі
Үржар ауданы әкімінің ресми сайты

Құттықтау

Аса қадірлі ардагерлер! Құрметті  тыл еңбеккерлері мен  жерлестер!

 Ұлы Жеңіс күні – тек соғыс арда­гер­лерінің ғана емес, бар­ша қазақстан­дық­тардың ай­рықша мерекесі. Бұл – сұрапыл соғыста жанқияр­лық­пен ерлік жасаған, елі үшін жанын құрбан еткен бабалар рухына тағзым етудің, қиян – кескі ұрыстан аман келген ата-әже­лерді құрметтеудің нағыз үлгісі көрсетілетін күн. Биыл да Жеңістің 70 жылдығы мерекесі еліміздің түк­пір-түкпірінде ерекше сән-салтанатпен аталып өтуде.


ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР, ҚАДІРЛІ  ҚАУЫМ! «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі  Күні» құтты болсын!

Бүгінде еліміз дамудың жаңа белесіне көтеріліп, дүниежүзінің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолында. Көпұлтты республикамыздың қол жеткізген жетістіктері Елбасының сара саясатының, қоғамдағы тұрақтылықтың, бейбітшіліктің, ынтымақтастықтың нәтижесінде екені шындық. Елімізде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің тиімді моделі қалыптасты. Қазақстан моделінің ықпалдылығы әлемдік қауымдастықта танылып, киелі қазақ мекені әлемдік дәстүрлі діндер кездесулері мен халықаралық алқалы жиындардың  тоғысқан жеріне айналды. Бүгінгі мерекенің де «Қазақстан халқының бірлігі Күні» деп аталуының себебі осы болса керек.


 Ақ ниет, ақ тілек тілейтін қасиетті Наурыз мерекесімен барша жұртшылықты шын жүректен құттықтаймын.

Ардақты ағайын! Бүгін көктем мерекесі, табиғат мейрамы. Ақ ниет, ақ тілек тілейтін қасиетті Наурыз мерекесімен барша жұртшылықты шын жүректен құттықтаймын.    Халқымызда «Саусақ бөлек болғанмен білек бір, тіршілік бөлек болғанмен тілек бір» деген дана сөз бар. Ендеше, мемлекет құру жолындағы тілегіміз бір болсын. Тәуелсіздігіміз нығайып, елімізде әрқашан бейбітшілік, ынтымақ болсын!


Құрметті ханымдар, аяулы аналар мен апа-қарындастар!

Құрметті ханымдар! Бүгінгі салтанаттағы жарқын жүздесуімізде менің шын ықылас тілегімді, сонымен бірге, жан серік жұптарыңыздың, аға-інілеріңіздің, тұтас аудан жұртшылығының өздеріңізге деген шексіз құрметі мен ілтипаты деп қабыл алыңыздар. Көктем мейрамы қарсаңында ауданның барлық әйелдер қауымына өз атымнан, аудандық мәслихат депутаттары атынан мықты денсаулық, жанұяларына береке, сарқылмас байлық, еңбектеріне толағай табыс тілеймін!