Қазақ тілі Русский язык
 

Сіздерді жеке ресми блогымда қарсы алуға қуаныштымын!

Біздің өңірдің дамуына ерекше көңіл бөліп, алаңдаушылық танытып, жақсы тың өзгерістерді жасауға құлшынатын жандарды кездестіруге үміттімін. Бұл жерде Сіздер өз сауалдарыңызды, өздеріңіздің көкейлеріңізде жүрген ойларыңызды, пікірлеріңізді, ұсыныстарыңызды енгізе аласыздар. Сіздердің барлық сұрақ-сауалдарыңызға лайықты жауап беруге ниет білдіремін, Сіздердің әрбір айтқан ой-пікірлеріңіз назарға алынып, зерделенеді. Менің ойымша, Сіздермен мұндай қарым-қатынас біздің өмірімізді әрі қарай жақсартып, мағыналы етеді.
Құрметпен,
 
Үржар ауданының әкімі
Үржар ауданы әкімінің ресми сайты

Сұрақ қою

Есіміңіз (міндетті түрде)

e-mail (міндетті түрде)

Тақырып

Хабарлама


Сұрақ

Қанат / 30 сәуір 2015ж. сағ: 11-05

Тақырып: қой басын асылдандыру және мал бас санын арттыру

жергілікті қойды асылдандыруға қандай көмектер және жеңілдіктер бар?
қой басын асылдарныруға байланысты субседиялау үшін қанша аналық қой басы болу керек?
Еділбай тұқымын өсіру үшін аталық малды қайдан алуға болады?

Жауап

Сіздің аудан әкімінің ресми блогына жолдаған сұранысыңыз Қазақстан Республикасының 12.01.2007 жылғы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңы негізінде қаралып,

Қазахстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 19 қарашадағы №3-1/600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды  субсидиялау  қағидаларын  бекіту туралы» қаулысының 20 бабы бойынша,  жергілікті  қойды  асылдандырып-түрлендіру  жұмыстары,  асыл тұқымды  қой   сатып  алғанда,  мемлекеттен шаруа  қожалықтарға субсидия  төленеді.

Шарттарымен талаптары:  Жергілікті  нәсілсіз  аналық  қой 300 бастан  кем болмау, 30 бас асыл тұқымды қошқар болуы. Норма бойынша 1 қошқарға 30 бас аналық. Қошқарды 2 жылдан артық пайдаланбау керек.

Төленетін субсидия: 1 бас аналыққа 1500 теңге, сатып алынған асыл тұқымды  (қошқар, аналық тоқтылар)  малға 1 басқа  8000 теңге, малдың жасы  сатып  алған  уақытқа  18 айдан  аспау керек.

Асыл тұқымды  мал алушы, Үржар ауылы, Аблайхан даңғылы №141 мекенжайында орналасқан аудандық  «Кәсіпкерлік және Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандарынан (байланыс телефондары 3-47-40, 3-35-13) асыл тұқымды мал шарушылықтардың  мекен жайын, телефонын, басшыларының аты-жөнін, малының нәсілі туралы  мәліметтерді аудан, облыс, республика деңгейінде алуға  болатының хабарлаймын.